USD
USD
USD

Серік Сапиев: Олимпиада ойындарынан кейін кеңейтілген кеңес өтеді

Токио Олимпиадасына жолдама алған боксшыларымыздың дені ширек финалға жете алмай жарыс жолынан шығып қалды. Жанкүйерлер «фавориттердің бұнысы қалай» деп әлеуметтік желіде түрлі пікір білдіруде.

Серік Сапиев: Олимпиада ойындарынан кейін кеңейтілген кеңес өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы тектес сауалдарға жауап беру үшін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ «Токио олимпиадасы: сарапшылардың пікірі» тақырыбында баспасөз конферениясын өткізді. 

«Қазақстандық боксшылардың жеңілісіне бапкерлер кінәлі» деген пікір де айтылып жатыр. Осыған орай, Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сапиевке «Бокстан Ұлттық құрама бапкерлері бұған дейінгі сәтсіздіктер үшін қызметінен кете ме? Не себепті Тұрсынғали Еділов сияқты бапкерлерді жұмысқа алмайды?» деген сауал қойдық. 

«Олимпиада ойындарынан кейін кеңейтілген кеңес өтеді. Оған министрден бастап, Ұлттық олимпиада комитеті мен федерация басшылары қатысады. Және ол жерде қателіктер мен кемшіліктерді сарапқа саламыз, қорытынды шығарамыз. Дәл солай осы Олимпиадан кейін де сол жиын өтеді. Біз бас бапкердің ісін сол жерде қараймыз. Бәлкім, Олимпиада ойындарынан кейін басшылықтың құрылымдық құрамы өзгеріп қалады», – деді Серік Сапиев.  

Қазір оқып жатыр

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов