USD
USD
USD

Серік Сәпиев декреттік демалысқа шықты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді.

Серік Сәпиев декреттік демалысқа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спорт комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, С.Сәпиев бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықты, ал оның ұсталғаны туралы алып-қашпа әңгімелер - жалған.

«Серік Сәпиев тамыздың 12-сінен желтоқсанның 23-іне дейін бала күтіміне байланысты ресми түрде еңбек демалысына шықты. Ал комитет төрағасының міндеті оның орынбасары Серік Жарасбаевқа жүктелді», - деді комитеттің баспасөз қызметінен.

Бұл ретте, әлеуметтік желіде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Ақтаудағы «Rixos Water World Aktau» қонақүйі қонақтарын өзінің шеберлік сабағына шақырған видеосы тарады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай