USD
USD
USD

Серік Күдебаевқа қатысты үкім шығару төртінші рет кейінге шегерілді

Талдықорған қалалық соты Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен төртінші рет кейінге шегерді.

Серік Күдебаевқа қатысты үкім шығару төртінші рет кейінге шегерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бастапқыда Күдебаевқа үкім 10 наурызға белгіленген болатын. Алайда кейін генерал-майор Серік Күдебаевтың ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Одан кейінгі сот отырысы 16 наурызға белгіленді. Осыдан кейін үкім тағы 2 рет - 20 және 27 наурызға шегерілді. Бүгін сот отырысының қайта болмайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент