USD
USD
USD

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты (видео)

Бұған дейін шетелге қашып кеткен Алматы облысы полициясының экс-басшысы Серік Күдебаевтың Талдықорғанда соты өтіп жатыр. Оның сотта соңғы сөзін айтқан видеосы жарияланды.

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Айттым ғой, рахмет. Мен кінәлі емеспін. Өз халқыма оқ атқан жоқпын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленуші барлығын теріске шығарып тұр. Бар айтарым осы», - деді Күдебаев. 

Естеріңіз сала кетейік, Қаңтардағы жағдай бойынша күдікке ілінген генерал Серік Күдебаев Бішкек арқылы Түркияға қашып кеткен болатын. Прокуратура экс-басшының Түркияда ұсталғанын хабарлаған.

Алайда, Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов Түркияда әкесінің ұсталғаны туралы Бас прокуратураның мәлімдемесін жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе