USD
USD
USD

Серік Қожаниязов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Салауатұлы Қожаниязов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Қожаниязов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Кузбасс политехникалық институтын, Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы механикалық жөндеу зауытында инженер-технолог болып бастады.

Осы жылдар ішінде жеке секторда жұмыс істеді.

2001-2005 жж – Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы.

2005-2007 жж – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жж - Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жж Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2014-2019 жж – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан 2021 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси