USD
USD
USD

Серік «Голова» мен Масанчидағы майдан

Қордай ауданында болған қақтығыстарды этникааралық не әлеуметтік жанжал деп бағалауға болмайды, өйткені бұл шекара маңында орналасқан ауылдар, мұнда есірткі трафигі, контрабанда және сыбайлас жемқорлық жайлаған аймақ болуы мүмкін, – деп «Вечерний Бишкек» газеті жазыпты. 

Серік «Голова» мен Масанчидағы майдан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғыздық БАҚ қақтығыс себебін жорамалдағанмен, нақты дерек ұсынбаған. Бірақ, «мәселенің негізгі себебі криминалдық ерегес салдарынан шығуы мүмкін» дейді. Және Қазақстанның оңтүстігінде есірткі контрабандасын бақылайтын «Серік-голованың» тобы осыған тікелей қатысы бар болуы мүмкін екені айтылады. 

Өйткені жергілікті жігіттердің суық қару пайдаланғаны күдік туғызады. Осыған дейін Айдос Сарым айтқан «бұл оқиғада үшінші күштердің қатысы бар» деген сөз мақалаға тұздық болып отыр. 

«Жанамалап болсада мына деректер осы сөздерге дәлел болады. Біріншіден, жергілікті халықта қару-жарақтың болуы – бейбіт тұрғындарда осыншама қарудың қайдан пайда болғаны түсінікті. Екіншіден, жергілікті шенеуніктерді және полиция басшыларын жұмыстан алу», – деп жазады газет. 
 

Қазір оқып жатыр

«Ұшақтағы орынды таңдағандай»: мәжілісте студенттерді жатақханамен қамту мәселесі талқыланды

Жатақхана

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы