USD
USD
USD

«Сергек» тәулігіне 12 млн-нан астам оқиғаны өңдейді

Елімізде карантин режимін бұзғандарға 28 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Ережені елемегендер тіпті 15 күнге қамалуы мүмкін.

«Сергек» тәулігіне 12 млн-нан астам оқиғаны өңдейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір тәртіп сақшылары қаладағы қозғалысты «Сергек» камералары арқылы да бақылып отыр. Бақылау құрылғылары жаяу жүрген адамдардың да бағытын оп-оңай анықтап береді. Қала қым-қуыттан арылған. Бірақ әрлі-берлі қатынап жатқан көліктер көп. Жол сақышлары соларды шетінен тексеріп жатыр. Жүргізушілердің жеке мәліметтерін ортақ базаға тіркейді. Енді бірі көлік нөмірін тере салады. Қажет ақпарат «Сергек» жүйесінде сақтаулы. 

Қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков: "Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген мекемелердің тізімі бар. Кез келген мәліметті тексере аламыз. Сондықтан тұрғындардан тәртіп бұзбауларын сұраймыз" деді.

Тәртіп бұзғандарға алдымен ескерту жасалады. Ережені ендігіде елемесе, 28 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамалады. Бақылау камералары жаяу жүрген адамдарды анықтап береді. «Сергек» осы күні тәртіп сақшыларының сенімді серігіне айналған. Қазір елордада осындай 13 мың камера бар. Олар тәулігіне 12 млн-нан астам оқиғаны өңдей алады.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев