USD
USD
USD

«Сергек» камералары істен шықты

Шымкентте көлік ағыны көбейген жолайрық бойында үш бейнебақылау камерасы істен шықты, деп хабарлайды "Хабар-24".

«Сергек» камералары істен шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысын қамтитын камералардың бейнетіркеу жәшігі жол жөндеу кезінде бүлінді. Қалалық полиция департаменті қазір бейнебақылау камераларын қайта қалпына келтіріп, іске қосу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Бірақ бұл үш күнге созылуы мүмкін. Әлеуметтік желіде әйел өзінің күйеуін осы қиылыста көлік қағып, күдіктіні таппай жүргенін жазды. Өйткені айғақтайтын бейнематериал жоқ. Ал полицейлер жолайрық бойында соңғы уақытта ешқандай жол-көлік оқиғасы болмағанын жеткізді. Шаһарда үш мыңнан астам «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылған.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков