USD
USD
USD

«Сергек» жұмысын тоқтатады: Енді Астананың бейнебақылау жүйесін Presignt (БАӘ) компаниясы басқарады

Астанада Sergek интеллектуалды бейнебақылау жүйесі енді жұмыс істемейді – оның орнына Presignt (БАӘ) компаниясының жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы мәслихат сессиясында Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәлім етті.

Жолдағы камера
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Оның айтуынша, қалада «Сергек» жобасы 2017 жылы іске қосылған. Аталмыш камераларды әзірлеуші ​​қазақстандық «Көркем-Телеком» компаниясымен жасалған келісімшарттың мерзімі 2025 жылдың 13 наурызында аяқталады. Әкімдік келісімді ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Одан кейін жүйені басқару G42 холдингіне (БАӘ) кіретін Presight халықаралық компаниясына беріледі. Жоба 2025–2030 жылдар аралығына жоспарланған және оған 53 млрд теңге жұмсалады.

Жобаның 100% шығынын жеке компания көтереді, ал 60%-ын қазақстандық кәсіпорындар қамтамасыз етеді. Presignt төлемдерді тек жоба іске қосылғаннан кейін ғана алады.

Қазіргі бар камералар бір ай ішінде жаңа серіктеске беріледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер