USD
USD
USD

Сергей Лавров: Нақты саясатта Қазақстанға қарсы арандатушылық болмайды

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Хабар" Агенттігінің" басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге берген эксклюзивті сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Сергей Лавров: Нақты саясатта Қазақстанға қарсы арандатушылық болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Саясаткерлер мансабын әртүрлі жасайды. Сенсациялық мәлімдемеге құмарлары бар. Қоғамда пікір туғызатын жайттарды көтеріп, есте сақталып қалғысы келеді. "Бастысы, газеттің алғашқы бетіне шықсақ болды", дегендей. Бірақ Ресей Федерациясының Қазақстанға деген көзқарасын айқындайтын нағыз көшбасшылар мұндай қадамға бармайды. Ешқашан олай жасамайды да. Өйткені ол одақтастығымызға, арада жасалған келісімдерге сай келмейді. Біз бір-біріміздің тәуелсіздігіміз, аумақтық тұтастықтығымыз, саяси көзқарастарымызды сыйлауымыз керек», – деді Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Оның пікірінше, қарым-қатынас Мемлекет басшылары қол қойған құжаттар, Парламенттер бекіткен заңдар, халықаралық құқық нормалар негізінде жалғастырылады. «Осындай арандатушылық бағыттағы мәлімдемелер демократияның бір құндылықтарына айналып кетті. Олар тек белгілі бір ортада талқыланып қалуы қажет. Нақты саясатқа келгенде арандатушылық болмайды деп сендіремін», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

.