USD
USD
USD

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Сербия президенті Александр Вучич өкілеттік мерзімі аяқталуына бірнеше ай қалғанда қызметінен кететінін жариялады. Ол кезектен тыс парламент сайлауына қатысып, премьер-министр лауазымына таласпақ.

Александр Вучич
Фото: Танджуг/srbija.gov.rs

Астана, NEGE. Сербия Үкіметінің хабарлауынша, Вучич бұл жөнінде 27 қыркүйекте халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді.

Сербия президентінің резиденциясында халық алдында сөз сөйлегеннен кейін Вучич отставка туралы өтінішіне қол қойды. Ол президенттік өкілетін Сербия парламентінің спикері Ана Брнабичке тапсыратынын хабарлады. Брнабич республика президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Елде кезектен тыс парламенттік сайлау 25 қазанға белгіленген. Қыркүйек айының басында Вучич парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін жариялаған. Биліктегі Сербия прогрессивті партиясы оны «Біріккен Сербия» партиясының көшбасшысы әрі сайлауда жеңіске жеткен жағдайда премьер-министрлікке кандидат ретінде ұсынды.

Вучич президент қызметін 2017 жылғы мамырдан бері атқарып келді, ал 2022 жылғы сәуірде қайта сайланды. Оның екінші президенттік мерзімі 2027 жылдың ортасында аяқталуы тиіс еді. Ел Конституциясына сәйкес, бір адам президент лауазымын екі мерзімнен артық атқара алмайды.

Вучич неге отставкаға кетті?

Вучичтің мерзімінен бұрын отставкаға кетуіне Сербиядағы жаппай наразылықтар себеп болып отыр. Былтыр Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында шатырдың құлауы салдарынан 16 адамның қаза табуынан кейін елде наразылықтар басталған болатын. Оқиға аясында құрылыс министрі, премьер-министр және қала мэрі қызметтерінен кетті. Алайда наразылық білдірушілер акцияларын жалғастырып, саяси өзгерістер мен президент Вучичтің де отставкаға кетуін талап етті.

Айта кетейік, биыл маусым айында Александр Вучич бірер аптадан кейін қызметінен кететінін мәлімдеп, мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізуді ұсынған болатын.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бір алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі