Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді
Сербия президенті Александр Вучич бірер аптадан кейін қызметінен кететінін жариялап, мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізуді ұсынды.
Астана, NEGE. Бұл шешімін ол Белградта өтіп жатқан ауқымды митинг кезінде жариялады.
«Мен президент қызметінде тағы бірер апта ғана боламын, содан кейін отставкаға кетемін», – деді Вучич.
Алайда ол нақты қай күні отставкаға кететінін және парламент қашан таратылатынын айтпады.
Мұндай мәлімдемені Сербия президенті студенттер бастаған бір жарым жылға созылған жаппай наразылықтардан кейін жасап отыр. Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында шатырдың құлауы салдарынан 16 адамның қаза табуынан кейін елде наразылықтар басталған болатын. Оқиға аясында құрылыс министрі, премьер-министр және қала мэрі қызметтерінен кетті. Алайда наразылық білдірушілер акцияларын жалғастырып, саяси өзгерістер мен президент Вучичтің де отставкаға кетуін талап етті.
Вучич мамыр айында да жақын арада қызметінен кетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме оның 2014-2017 жылдары атқарған «премьер-министр қызметіне қайта оралуы мүмкін» деген қауесеттер аясында жасалған еді.
Айта кетейік, Александр Вучич елді 2017 жылдан бері басқарып келеді. Оған дейін ол Сербияның премьер-министрі қызметі болған. Оның екінші және Конституция бойынша соңғы президенттік мерзімі 2027 жылдың ортасында аяқталуы тиіс еді.