USD
USD
USD

Сербия еліміздегі су тасқынынан қираған баспана құрылысына 1 миллион еуро бөлді

10 мамырда «Қазақстан халқына» қорының есепшотына Сербия үкіметінен су тасқыннан зардап шеккен аудандарда үй салуға 1 миллион еуро түсті.

Еуро
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл шешім екі ел арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік пен достықтың символы болып табылады.

«Бұл жәрдем екі ел арасындағы ынтымақ деңгейін көрсетеді және шетелдік донорлардың біздің қызметімізге артып келе жатқан сенімі мен көмекті бөлудегі ашықтықты көрсетеді», - деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Жалпы, 2024 жылдың 10 мамырдағы жағдай бойынша табиғи апаттан қираған тұрғын үйлерді салуға қордан бөлінген 10 миллиард теңгеден бөлек қосымша 5,3 миллиард теңге жиналды.

2024 жылғы 6 мамырда екі елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич телефон арқылы сөйлескен болатын. Президенттер екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және Қазақстан Президентінің Белградқа алдағы сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан 2014 жылы алапат су тасқынына байланысты Сербияға шатыр, дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттарды жіберіп, гуманитарлық көмек көрсеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк