USD
USD
USD

Сенімге кіріп танысының көлігін ұрлаған

Алматы қаласының тұрғыны Бостандық ауданы полиция басқармасына 17 желтоқсанда көлігінің ұрланғанын айтып, арыз жазған. Көлік табылды, тіпті, оны ұрлаған жәбірленушінің танысы екен.

Сенімге кіріп танысының көлігін ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көлік ұрлығы бойынша ҚР ҚК 200-бабымен іс қозғалып, іздестіру шаралары жүргізілді. «Сотқа дейінгі тергеу барысында көлікті айдап әкеткен күдікті жәбірленушінің танысы екені белгілі болды. Ол көлік иесінің сеніміне кіріп, автокөліктің кілтін үйінен ұрлап шыққан. Ол «Toyota Camry 70» көлігімен өзінің ауылына барғысы келгенін айтты. Алайда ол кейін ұрланған көлікті Қырғызстанға апарып сатпақ болғанын да жоққа шығарған жоқ», – дейді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Күдікті 19 желтоқсан күні кешке Алматы-Тараз тас жолының бойында ұсталды. Ол Мерке ауданына автокөлікті жалған мемлекеттік нөмір тағып, жеткізбек болған. Жамбыл облысының полиция департаментімен біріккен операция барысында табылған автокөлік иесіне қайтарылды.

Қазір 24 жастағы жігіт Алматы қалалық ПД уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Бұған дейін, Алматыда соңғы бірнеше айда Toyota Camry автокөліктерінің ұрланғандығы туралы жазған болатынбыз.

 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park