USD
USD
USD

«Сенемін кімге?»: күйеуі ұрды деген әнші желіде үн қатты

Маржан Арапбаеваны азаматтық некедегі күйеуі соққыға жығып, қамауға алынды деген ақпарат тараған соң әнші желідегі жеке парақшасына «Мама айтшы» әнінен үзінді жүктеп, жан жарасын бөліскендей әсер қалдырды.

instagram.com/arapbayevamarzhan
Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Астана, NEGE. Маржан Арапбаева басынан өткен жайтқа пікір білдірмегенімен, желіде жүктеген ән  мәтінінде «О, мама, айтшы қалай? Сенемін кімге оңай? "Алданып қалма" деп едің, ...Мама, жаным жаралы» деген жолдар кездеседі. Әнші қазіргі күйін осы әні арқылы жеткізгісі келгендей.

Telegram-да Egov.press арнасының жазуынша, қаңтар айының басында түнгі уақытта Ербол Нұрмұхамбетов есімді ер адам қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, азаматтық некедегі жұбайы – әнші Маржан Арапбаеваны шашынан сүйреген. Сот шешімі бойынша ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 күнге қамауға алынған.

«Оның әрекетін қылмыстық құқықбұзушылық ретінде саралауға болатын болса да, сот әкімшілік жаза қолданумен шектелді.

Бас прокуратурадан іс материалдарын тексеруді сұраймыз», – делінген жазбада.

Астана қаласының полициясы осы жайт бойынша түсініктеме берді.

«Қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолдану арқылы жасалған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша 43 жастағы елорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тұрғын үй ауласында азаматтық жұбайымен болған жанжал кезінде ер адамның оған күш қолданғаны анықталды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ сот оған бір жыл мерзімге шектеу шараларын белгілеген.

Қазір оқып жатыр

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер