USD
USD
USD

Сенбі-жексенбідегі шектеулер қашан алынады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов демалыс күндергі карантиндік шектеулер қашан алынатынын түсіндірді.

Сенбі-жексенбідегі шектеулер қашан алынады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шектеулердің алынуы тек қана қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты. Қазір ауруханаларда 4 600 адам емделіп жатыр. Егер науқастар саны төмендесе, сенбі-жексенбідегі шектеулер алынады. Бірақ, бұл көрсеткіштер өсетін болса, сенбі-жексенбідегі шектеулер басқа күндерге де созылуы мүмкін», – деп жауап берді ресми өкіл.

Сонымен бірге, Б. Қожахметов елімізде қандай жағдайда карантин басталатынын айтып берді. «Егер де Қазақстанда бір тәулікте барлық инфекциялық ауруханаларда 30 мың науқас тіркелсе, сол күні арнайы комиссия шешім қабылдап, Қазақстанда локдаун немесе карантин енгізеді», – деді Бағдат Қожахметов.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC