USD
USD
USD

Сенаторлар өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасын талқылады

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды.

Сенаторлар өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасын талқылады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.   Онда депутаттар «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылады.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын өнеркәсіптік саясаттың негізгі қағидаттарын белгілеу және қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында әзірленді.

Құжатта бірқатар міндеттер қамтылған, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ инновацияларды тиімді енгізу мен жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды ынталандыру бар.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасымен бірқатар кодекстер және заңдарға, жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 34 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Осы екі құжат комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Палатаның қарауына жіберілді.

 

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан