Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сенаторлар білім туралы заң жобасын қарады

Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен өткен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында білім, қоғамдық кеңестер, мәдениет және спорт жөніндегі бірқатар заң жобалары қаралды.

Сенаторлар білім туралы заң жобасын қарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қоғамдық кеңестер институтын одан әрі дамытуға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шешімдер қабылдауына азаматтық қоғамды тарту тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Бұл құжат уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтеді, мүгедектер мен жүріп-тұруы шектеулі жандармен қоса халыққа спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Заң білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламасына ұлттық спорт түрлерін енгізуді көздейді. Сенат депутаттары сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстен нострификация рәсімдерін алып тастау жоспарланып отыр.

Бұған дейін шетелде медициналық білім алған түлектер нострификацияның оң нәтижесінен кейін ғана дәрігерлік жұмысқа жіберіліп келген болатын.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф