Сенаторлар ағаш отырғызды
Сенат депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олар елорданың Қошқарбаев және Тәуелсіздік даңғылдары қиылысында, Әзірет Сұлтан мешітінің жанында жүзден астам қарағай, қайың мен балқарағай ағаштарын отырғызды, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда елімізде Президентіміздің бастамасымен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Соның аясында ауаның сапасын жақсарту, 2 млрд ағаш отырғызу, өзен-көлдердің экожүйесін сақтау, су ресурстарын дұрыс басқару сияқты бірқатар нақты шара қолға алынып, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Біздің бүгінгі экологиялық акциямыз да осы бағыттағы игілікті іске қосқан үлесіміз екені сөзсіз», – деді Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Палата төрағасы Мемлекет басшысының экологиялық бастамаларды іске асыруға арналған тапсырмаларын орындау үшін сенаторлар белсенді жұмыс істеуге дайын екеніне назар аударды. Атап өткеніндей, экологиялық проблемаларды шешу - жалпыұлттық күн тәртібіндегі негізгі басымдықтардың бірі.
Қазір оқып жатыр
Рақымшылық аясында кімнің айыппұлы кешірілмейді: Кірістер комитеті нақтылады
«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті
Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр
«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді