USD
USD
USD

Сенаторлар 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасын мақұлдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Сенаторлар 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасын мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, шығыстардың қосымша өсімі 2,2 трлн. Негізінде мемлекет басшысының Жолдау мен сайлауалды бағдарламасы аясында айтылған бастамаларын, өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет. Бұл үшін 2 триллион теңге бөлінеді. Бұл - өңірлерді қолдауға, ауыл шаруашылығын, көлік инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті, сонымен қатар әлеуметтік саланың жекелеген бағыттарын одан әрі дамытуға бағытталған шығыс.

"Сонымен қатар бұл бағыт аясында жылумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау, электр энергетикасын дамытуға 144 млрд. теңге, қорғаныс және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 126 млрд. теңге, тұрғын үй сатып алу үшін қарыздар мен тұрғын үй жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар беруге 92 млрд. теңге көзделеді. Басқа да бірқатар маңызды міндеттемелерді іске асыруға 186 млрд. теңге бағытталатын болады. Бюджетті қайта қарау нәтижесінде экономиканың нақты секторы мен өңірлерді қолдауға ерекше мән берілді. Бұны шығыстардың құрылымының өзгеруінен байқауға болады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Атап айтсақ, экономиканың нақты секторын қолдауға қосымша 1,3 трлн. теңге көзделген. Тиісінше, шығыстардың жалпы көлеміндегі бұл бағыттың үлесі 5,3%-ке ұлғайды. Нәтижесінде аталған салаға арналған шығыстар 3,5 трлн. теңге немесе жалпы шығыстардың 15,6% мөлшерінде жоспарланып отыр.

"Қаражат "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жалақысын көтеруге және колледж студенттердің стипендияларын ұлғайтуға, әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.