Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін түзетулерді мақұлдады.
Алматы, NEGE. Соның ішінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін түзетулерді енгізу көзделіп отыр. Жүйеде Қазақстанда, шетелде кәсіптік-техникалық, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу мақсатында қаражатты жинақтауға болады.
«Келешек» жүйесі шеңберінде:
– 2024 жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (221 520 теңге);
– жетім балалар үшін 120 АЕК (443 040 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;
Жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.
«Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болған сақтандыру компанияларында ашуға болады.
Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.
Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.
Грант алған жағдайда:
– басқа білім алу қажеттіліктеріне аударуға;
– жинақтауды жалғастыруға;
– үшінші тұлғаға аударуға;
– тұрғын үй алуға пайдалануға;
– білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.