Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сенатор Нұртөре Жүсіп: Журналистің мәртебесін заңмен бекіту керек

Белгілі журналист, сенат депутаты Нұртөре Жүсіп журналистердің мәртебесін заң арқылы көтеру қажеттігін айтты.

Сенатор Нұртөре Жүсіп: Журналистің мәртебесін заңмен бекіту керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында журналистердің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан көтеру қажеттілігін көтерді.

Депутаттың айтуынша, журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде анықталмаған. «БАҚ туралы» Заңда және еліміздің Еңбек кодексінде журналистердің мәртебесі мен кепілдіктері туралы баптар жоқ. Салалық заңда журналистердің құқықтары мен міндеттері ғана жазылған.

Нұртөре Жүсіп отандық журналистиканы дамыту үшін журналистердің мәртебесін көтеру, оларды әлеуметтік кепілдіктермен және қорғаумен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. 

Сенатор пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен, полицейлермен және құтқарушылармен тең дәрежеде жұмыс істегенін, бірақ олардан айырмашылығы – БАҚ қызметкерлері бұл үшін ешқандай қосымша ақы және әлеуметтік кепілдік алмағанын еске салды. 

Журналистер жеңілдікті санаттар қатарында тұрғын үй алуға үміткер бола алмайды. Себебі олар мемлекеттік қызметкер де, азаматтық қызметкер де емес.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық