USD
USD
USD

Сенатор: Қорғаныстық тапсырыстарды қазақстандық зауыттарға беру керек

Қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстардың бірыңғай саясатын қалыптастырудың маңызы зор. Бүгінгі Сенат отырысында Нұржан Нұрсипатов өзінің депутаттық сауалында осындай пікір білдірді,

Сенатор: Қорғаныстық тапсырыстарды қазақстандық зауыттарға беру керек
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Сенатор заңға тәуелді актілерді "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң нормаларына сәйкес келтіруді ұсынды. Екіншіден, ережелерді жиі өзгертуді доғару керектігін айтты.

2019 жылғы 14 қазанда заң нормаларын іске асыру үшін Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру және орындау ережелері қабылданды. Алайда, 8 айдан кейін өкілетті орган жаңа Ережелерді әзірлеп, Үкімет оны бекіткен. Заңнан кейінгі актілерді жиі өзгерту бизнес қауымдастық оның қызметіне кері әсерін тигізеді, – деген Нұржан Нұрсипатов осыған қатысты статистика мәліметтерін келтірді.

Сенат депутаты Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінің жаңа редакциясы оған отандық бизнестің қатысу мүмкіндігін төмендететінін айтып, алаңдаушылық білдірді. Нұржан Нұрсипатов бұл Президенттің өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру туралы тапсырмасына қарама-қайшы келетінін де атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу