USD
USD
USD

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды

2023 жылдың қаңтар айының аяғында жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды. Бір айдан кейін қылмыстық іс қозғалып, бүгін, яғни 1 мамырда Астанада қылмыстық іс жабылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Осы істі қадағалаған прокурор бұл шешімді бекітті", – деді Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

ҚР Парламенті сенатының жаңадан сайланған депутаты Гүлмира Кәрімова 2023 жылғы 27 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Ол 45 жаста еді. Алдын ала "анафилактикалық шок" деген диагноз қойылған еді, бірақ 28 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі өлімге жедел миокард инфарктісі себеп болғанын хабарлады.

25 ақпанда сенатордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе