USD
USD
USD

Сенатының депутаттары Түркиядан оралған Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен кездесті

Сапар барысында және мегаполистегі төтенше жағдайларға ден қоюмен танысу барысында сенаторлар Республикалық жедел-құтқару жасағына барды. 

Сенатының депутаттары Түркиядан оралған Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жасақ құтқарушылары жақында Түркияда құтқару миссиясын орындап елге оралғанын атап өткен жөн. Халық қалаулылары құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, олардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Жасақ басшысы Владимир Цой Түркия Республикасындағы жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару жұмыстарына жетекшілік етті, жасақтың техникалық жарақтандырылуы туралы айтып өтті, ал құтқарушылар сүңгуір жабдықтарын, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғаудың техникалық құралдарын, авариялық-құтқару техникасын, оның ішінде Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жұмыс істеген кезде құтқарушылар пайдаланған техникаларын  көрсетті.  

Депутаттар кинологиялық бөліміне ерекше назар аударып, Қазақстанмен  ынтымақтас Түркия еліндегі жер сілкінісінен кейін, үйінділер астында адамдарды іздеумен айналысқан кинолог-мамандары мен құтқарушы иттердің жұмысын атап өтті.

Делегация төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктері мен дайындығын жоғары бағалап, ТЖМ құтқарушыларын әлеуметтік қорғауда жан-жақты қолдау көрсетуге ниет білдірді. 

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей