Референдум Референдум
USD
USD
USD

Сенат заңды қабылдап, Президентке жолдады

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарады. Әрі қарай заңдар Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына жолданады.

Сенат заңды қабылдап, Президентке жолдады
Фото: NEGE.kz

    Нұр-Сұлтан, NEGE.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бірінші заңы еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдер арасындағы байланысты нығайтуға, сонымен қатар 2020 жылдан бастап орташа әлеуметтік төлемдердің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжатта еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын параметрлер қайта қаралды. Бұл төлемді орташа есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Екінші заң көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету механизмдерін жетілдіруді және табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік пакет енгізуді көздейді.

Осылайша, заңда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы студенттерге мемлекеттік жәрдемақы төлеу ұсынылады. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 балаға – 74 388 теңге.

АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері мыналарды көздейді: атаулы әлеуметтік көмекті тоқсан сайын тағайындау; АӘК тағайындау үшін қолданыстағы шекті өлшем шартты сақтау – отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табыс ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан кем болмауы тиіс; отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшерін жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде айқындау; еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптарды күшейту, олар жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда АӘК төлемі бүкіл отбасына тоқтатылады; бұл процессте учаскелік комиссиялардың рөлін күшейте отырып, отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімін 3-тен 7 күнге дейін ұлғайту.

Кепілді әлеуметтік пакетті ұсыну шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасыларының балаларын азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету ұсынылады, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз