USD
USD
USD

Сенат төрағасы Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрімен кездесті

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Словакия Республикасының Сыртқы және Еуропа істері министрі Иван Корчокпен кездесті, деп хабарлайды parlam.kz сайты.

 Сенат төрағасы Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан,  NEGE.   Кездесу барысында Палата Спикері парламентаралық байланысты белсенді түрде дамытудың маңызына тоқталып өтті.

«Қазақстан Парламентінің Сенаты Словакия Ұлттық кеңесімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі. Біздің Парламентіміздің екі Палатасында да Словакиямен ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмыс істейді. Сол сияқты Словакияның Ұлттық кеңесінде Қазақстанмен достық тобы бар екенін білеміз. Сондықтан алдағы уақытта біздер онлайн немесе офлайн режимде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыра аламыз деп есептеймін. Мұндай қадам біздің екіжақты өзара тиімді іс-қимылымызға тың серпін береді деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері қазақстандық депутаттардың словакиялық әріптестерімен халықаралық алаңдардағы, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Парламентаралық Одақ аясындағы өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ кездесуде тараптар экономика, сауда, ауыл шаруашылығы, туризм және су ресурстары салалары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев Словакияның су ресурстары саласы бойынша өңірлік және халықаралық жобаларды іске асыруда тәжірибесі мол екеніне назар аударып, Қазақстан осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге баса мән беріп отырғанын айтты.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы