USD
USD
USD

Сенат төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Мәулен Әшімбев жүрекжарды тілегін өз Facebook парақшасында жазды.

Сенат төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Құрметті достар! Баршаңызды келіп жеткен жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бәрімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, әрқайсымыз ерекше қарсы алатын шаттыққа толы мереке. Осы сәтте өткенді ой елегіне салып, алдағы күндерден айрықша үміт күтеміз. Өтіп бара жатқан 2022 жыл еліміз үшін оңай басталған жоқ. Қасіретті қаңтар оқиғасы елдігіміз бен егемендігімізге үлкен қауіп төндірді. Біз, шын мәнінде, тәуелсіздік жылнамасында бұрын-соңды болмаған сын-қатермен бетпе-бет келдік", - деді ол.

Сондай-ақ қиындықтар артта қалғанын айтқан ол "Жалпы, 2022 жыл біздер үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды десек, артық бола қоймас. Алдағы уақытта қолға алған бастамалар лайықты жалғасын тауып, 2023 жыл еліміз үшін табысты, берекелі, құтты жыл болады деп сенеміз. Ол үшін барлық істе жұдырықтай жұмылып әрекет ету аса маңызды. Сонда ғана көздеген мақсат-міндеттерімізге қол жеткіземіз. Жаңа жылда әр отбасына қуаныш, жақсылық, амандық тілеймін! Егемен еліміз өсіп-өркендей берсін! Әрдайым іргеміз бүтін, бірлігіміз бекем болсын! Жаңа жылдарыңызбен!",- деп қорытындылады Әшімбаев.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков