USD
USD
USD

Сенат Мәжіліске бюджет туралы заң жобасын қайтарды

Сенат депутаттары Мәжіліске 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын түзетулермен қайтаруға дауыс берді.

Сенат Мәжіліске бюджет туралы заң жобасын қайтарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Заң жобасын талқылау барысында Сенат комитеттері мен депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына мынадай негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады:

2022 жылы мемлекеттік қызметшілерге факторлық-балдық шкаланы енгізу - 44,4 миллиард теңге;

  • тасжолдарды реконструкциялау мен дамытуға жалпы сомасы 8,2 миллиард теңге, оның ішінде 2022 жылы 4,5 миллиард теңге;
  • су құбыры желілерін салу және жөндеу жалпы сомасы 8,1 миллиард теңгеге, оның ішінде 2022 жылы - 3,8 миллиард теңгеге;
  • 2022 жылыгазбен жабдықтауға - 1,2 миллиард теңге;
  • жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы жалпы сомасы 3,3 миллиард теңге, оның ішінде 2022 жылы - 2 миллиард теңге", - деп атап өтті сенатор Ольга Перепечина.

Сонымен қатар, оның айтуынша, функцияларды беруге байланысты мемлекеттік органдар арасында қаражат қайта бөлінді, депутаттардың басқа да ұсыныстары қолдау тапты.

"Қаржы және бюджет комитеті Мәжіліске "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады", - деп қорытындылады Перепечина.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран