USD
USD
USD

Сенат қаржы пирамидаларын жарнамалауға қатысты заңға түзетулерді қабылдады

Сенат екінші оқылымда қаржы пирамидасын құруға жауапкершілікті күшейту туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Заң жобасы Қылмыстық кодекске жаңа, "Қаржылық, инвестициялық пирамидаларды жарнамалау" туралы бап енгізуді ұсынады.

Сенат қаржы пирамидаларын жарнамалауға қатысты заңға түзетулерді қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Заң жобасының мақсаты - қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін жауаптылықты күшейту, сондай-ақ азаматтарды қаржылық пирамидаға тартуға алып келген ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты заңнамалық реттеуді қамтамасыз ету", - дейді сенаторлар.

Заң жобасына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құрғаны және оларға басшылық жасағаны үшін жазаны қатаңдату;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамида ақпаратын айтарлықтай залал келтіре отырып, оған адамдарды тартуға алып келген жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалағаны үшін тергеуге жататындығын айқындау болып табылады.

Заң жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  • азаматтарды қаржылық (инвестициялық) пирамидаға тарту, оның ішінде қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру жөніндегі қылмыстық пиғылдың алдын алу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметінен зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматы полициясы экс-басшысының жүргізушісі сотқа тартылды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз