USD
USD
USD

Сенат депутаттығына үміткерлер арасында әйелдердің үлесі артқан

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады. Бұл жайында «baq.kz» сайты жазды.

Сенат депутаттығына үміткерлер арасында әйелдердің үлесі артқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша 2020 жылғы 13 маусым мен 12 шілде аралығында республика бойынша Парламент Сенатының депутаттығына 94 кандидат ұсынылғанын хабарлады.

Сайлау науқандарында әйелдердің саяси белсенділігі артқан.

Ұсынылған үміткерлердің ішінде 19 әйел бар (2017 жылы - 13, 2014 жылы - 5, 2011 жылы - 6). Үміткерлердің орташа жасы 51,1 жасты құрайды (2017 жылы – 51,9, 2014 жылы – 54,1; 2011 жылы – 53,3). Ең жас үміткер 30 жаста болса, ең үлкені 69 жаста. Мамандықтар бойынша айтсам,  29 – инженер, 20 – экономист, 12 – педагог, 10 – заңгер, 10 – аграрлық сала қызметкері, 7 – дәрігер, 3 - журналист, 1 - саясаттанушы және 1 басқа мамандық иесі бар, - дейді Берік Имашев. 

Сенатқа қазіргі сайлау барысында  82 кандидат өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 2017 жылы - 92,1%, 2014 жылы - 82,9%, 2011 жылы - 82,7% болған. Бұл ретте мәслихаттар 12 кандидат ұсыныпты (2017 жылы 7 немесе 7,9%).

Жалпы, ұсынылған кандидаттардың ішінде - коммерциялық құрылымдардың 38 қызметкері, мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 23 қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйымдардың өкілі, 2 жұмыс істемейтін адам бар. Сондай-ақ, қызмет атқарып отырған 4 сенатор өз кандидатураларын ұсынды, - дейді ОСК төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар