USD
USD
USD

Сенат депутатты үміткеріне қойылатын талаптар аталды

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады.

Сенат депутатты үміткеріне қойылатын талаптар аталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар. Парламент депутаты болуы мүмкін тұлғалар:

- Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;

- 30 жастан асқан;

- жоғары білімі бар;

- жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

- тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған", - деді ОСК мүшесі Константин Петров комиссия отырысында.

Оның айтуынша, кандидаттың белсенді сайлау құқығы болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

"Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам Парламент депутаттығына кандидат бола алмайды", - деп қосты Петров.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық