Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сенат депутаты: 21 миллион гектар жер тозған

Елімізде 21 миллион гектар жайылымдық жер әбден тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат депутаты: 21 миллион гектар жер тозған
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Осыған байланысты елді мекендердегі малдың 80 проценті ауыл маңайында жайылады. Бүгін Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Сұлтан Дүйсенбинов осылай деді.

Оның айтуынша, жайылымдық жердің тапшылығы барлық аймақта байқалады. «Әсіресе, Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы шаруалар қиналып отыр», деді Сенат депутаты. Ол бұл мәселені шешу үшін жайылымдарды ұзақ мерзімді басқару жоспарын бекітуді және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмысты белсенді жүргізуді ұсынды. Бұдан бөлек, дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, кооперация тетігін қолға алуды шақырды.

Бүгінде ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66%-і өндіріледі. Бірақ мұндай орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, заманауи технологиялық процестерге тартылмай отыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру бойынша жүргізілген жұмыстар дұрыс үйлестірілмегендіктен нәтижелі болмай отыр, – деді Сұлтан Дүйсенбинов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА