USD
USD
USD

Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатты

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды.

Мәжіліс
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов екі судьяны қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отырғанын мәлім етті.

«Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев зейнет жасына жетті. Олар судьялар қоғамдастығында беделді маман ретінде танылды. Атап айтқанда, Б. Ералиева мен Қ. Нұрышевтың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынымға қолдау білдіруді сұраймын», - деді Д. Малахов сенеторларға қарата айтқан сөзінде.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Еске салсақ, Ботагөз Рахымқызы Сенаттың 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланды.

Ал Қамбар Жұмабайұлы Сенаттың 2022 жылғы 16 маусымдағы Жоғарғы Сот судьясы қызметіне келді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі