USD
USD
USD

Сенат жасанды интеллект туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенаторлар жасанды интеллектті пайдалану туралы заңға бірқатар түзету енгізуді ұсынды.

Мәжіліс
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сенат «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және өзге де заңдарға енгізілетін өзгерістерді қарады.

Депутаттар жалпы алғанда заңның тұжырымдамасын қолдады, алайда бірқатар баптарға жаңа түзетулер ұсынды.

Атап айтқанда:

Авторлық құқық нысаны ретінде жасанды интеллект көмегімен жасалған туынды тек адам еңбегінің шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана танылатын болады;

ЖИ иелері мен пайдаланушылары залалды азайтып қана қоймай, оның алдын алуға бағытталған шаралар қабылдауға міндеттеледі. Бұл нормалар адамның құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауға да қатысты;

ЖИ келтірген зиян үшін сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатыны нақтыланды.

Жалпы алғанда заң жобасы:

– жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді;

– «жасанды интеллект», «мәліметтер кітапханасы», «жасанды интеллект жүйелерінің синтетикалық нәтижелері» секілді жаңа ұғымдарды заңнамалық түрде бекітуді;

– ЖИ технологияларын экономика, денсаулық сақтау, білім беру және мемлекеттік басқару сияқты салаларға кеңінен енгізудің құқықтық тетіктерін қалыптастыруды;

– уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұлттық жасанды интеллект платформасының операторының құзыретін айқындауды;

– медиа саласында жасанды интеллект қолданылған контентке міндетті түрде белгі қоюды;

– адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзатын (манипуляция, дискриминация, биометриялық деректерді рұқсатсыз жинау және т.б.) ЖИ жүйелерін жасауға тыйым салуды көздейді.

Сенаторлар енгізген түзетулер ескеріле отырып, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Теңге

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

.

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Таиланндта туылған

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

үгіт-насихат