2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Семсерлесуден Париж Олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Бүгін Олимпиадада сынға түсетін спортшылар есімі жарияланды, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбановжәне Вадим Шарлаимов сынға түседі. Жарыс ережесі бойынша, жекелей сында әрбір мемлекеттен ең көп дегенде үш спортшы ғана бақ сынай алады.

Ал Ерлік Сертай жекелей сынға қатыспайды. Ол командалық жарыста ұлттық құрамаға көмекке келіп, Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласпақ. Командалық жарыста Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай сынға түседі.

Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді.

Жоғарыда аталған төрттік жақында Кувейтте өткен Азия чемпионатында топ жарып, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов