USD
USD
USD

Семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы Кувейтте өтіп жатқан Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Семсерлесу
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандықтар командалық сында үздік үштікке енді. Турнирдің негізгі айналымында біздің команда Өзбекстан мен Жапонияны жеңіп, жартылай финалда Иранға жол берді.

Осылайша, Бақдәулет Құралбекұлы, Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев төрттігі құрлық додасының қола жүлдесін иеленді.

Бұған дейін Ерлік Сертай ерлер шпагасынан қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев