USD
USD
USD

Сот Семейдегі матчтан кейін бес тәулікке қамалған төрешіге қатысты істің мән-жайын түсіндірді

14 маусымда «Елімай» және «Ордабасы» арасында өткен матч кезінде семейлік клубтың бапкері Андрей Карпович пен футболшыларды балағаттады деп айыпталған бас төреші Арман Есмұратов сот алдында жауап берді.

Арман Исмұратов
Фото: ҚФФ

Астана, NEGE. Есмұратовқа қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша қозғалған әкімшілік іс Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында қаралған.

Бас төрешінің кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, оқиғаның бейнежазбасымен, полиция қызметкерінің рапортымен және іс бойынша өзге де дәлелдермен расталған.

«Жаза тағайындау кезінде сот жасалған құқықбұзушылықтың сипатын, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басын ескерді. Іс материалдарына сәйкес, Е. соңғы бір жыл ішінде бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған, алайда бұдан тиісті қорытынды шығармай, қайтадан қасақана құқықбұзушылық жасаған», – делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде сот Есмұратовқа 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович «Ордабасыға» қарсы матчтан кейін төрешінің жұмысын сынға алып, оның өзін және ойыншыларды балағаттағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оның айтуынша, Исмұратов чемпионаттың қалған бөлігінде «Елімайға» қысым жасайтынын айтып, өзіне қоқан-лоқы көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша