USD
USD
USD

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

Семей қаласындағы бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағында құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды. Осыдан кейін нысандағы жер қазу және құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды.

.
Фото: ABAI NEWS

Астана, NEGE. Сүйектерді құрылыс алаңынан жергілікті тұрғын байқаған. Оның айтуынша, бұрынғы стадион аумағында спорт кешенін салу үшін жер қазылып жатқан кезде сүйектер жан-жаққа шашылып жатқан.

Әкімдік өкілдері оқиға орнына барып, құрылыс алаңынан адам сүйектері табылғанын растады. Осыған байланысты аумақтағы барлық жер қазу және құрылыс жұмыстары дереу тоқтатылған.

Полицияның мәліметінше, сүйектер 2026 жылғы 9 шілдеде анықталған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетіп, табылған сүйектерді сараптамаға жіберді. Мамандар олардың шығу тегі мен жерленген уақытын анықтауы керек.

«Полиция мұндай жағдайларда азаматтарды дереу ішкі істер органдарына хабарлауға және полиция қызметкерлері келгенге дейін өз бетінше ешқандай әрекет жасамауға шақырады», – делінген ресми хабарламада.

Әкімдік құрылыс жұмыстары қажетті процестік шаралар аяқталып, құзыретті органдардың рұқсаты алынғаннан кейін ғана жалғасатынын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер