USD
USD
USD

Семейдегі «Ақшың» базарына қасақана от қойған болуы мүмкін

Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдің «Ақшың» базарындағы өрттің ықтимал себептерін атады, деп жазды 24.kz.

Базар
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев қазір 3 нұсқа бар екенін айтты. Айтуынша, базарға қасақана от қойған болуы да мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні Семейдегі сауда орталығынан өрт шығып, 6 мың шаршы метрден астам аумақ отқа оранған. Қазір арнайы комиссия оқиғаның себебін анықтап жатыр.

"Біріншісі, өрт электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін. Екіншісі – қасақана өрт қою. Үшіншісі, сауда орталығында ток көздерінің сөндірілмей қалып қоюынан болуы мүмкін. Міне, осындай жұмыстар атқарылып жатыр", – деді Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев. 


Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж