USD
USD
USD

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

Семей қаласындағы Қаржаубайұлы көшесінде жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде отқа оранды.

өрт
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, өртті сөндірген.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шыққан кезде автобустың ішінде жолаушылар болмаған.

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

ТЖМ көлік иелеріне автобустар мен басқа да көліктердің техникалық жағдайын, әсіресе электр жабдықтарын үнемі тексеріп отыруды ескертті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық