USD
USD
USD

Семейде жоғалған жеті жастағы бала табылды

Семей қаласында жоғалып кеткен жеті жастағы бала аман-есен табылды. Іздеу жұмыстары ауқымды деңгейде ұйымдастырылып, оған мыңнан астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаменті.

Жоғалған бала
Фото: Абай облысының ПД

АЛМАТЫ, NEGE. Полиция мәліметінше, баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары –  Бекен Асыл мен Жұмағалиев Дархан тапқан.

«Инспектордың табандылығы мен кәсіби біліктігінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды», — делінген полиция хабарламасында.

Жеті жасар бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы орман алқабынан табылды. Жердің батпақты және қиын өткелді болғанына қарамастан, тәртіп сақшылары бір сәтке де іздеуді тоқтатпаған.

Полиция барлық іздеу жұмысына атсалысқан жандарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, баланың даму ерекшеліктері бар екені хабарланған. Ол 21 маусым күні кешкі уақытта үйінен шығып кеткен соң, байланыс үзілген.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға шақырды

Халық Кеңесі

Пашинян оппозицияны «Арменияға ҰҚШҰ бітімгерлерін кіргізгізі келеді» деп айыптады

Никол Пашинян

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.