USD
USD
USD

Семейде жаппай төбелес болды

Әлеуметті желіде Семейде болған төбелес туралы видео тарады. 

Жаппай төбелес
Фото: Видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерге Семейдегі жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Оған қатысты Абай облыстық ПД пікір білдірді.

Кадрда таяққа ұқсайтын заттары бар ер адамдар бейнеленген. Төбелесіп жатқандардың бірінің ауыр соққыдан құлағанын көруге болады. Ал видео сипаттамасында ер адамдардың бірінің қаза тапқаны жазылған. Алайда Абай облыстық ПД өкілдері төбелестен ешкімнің көз жұмбағанын мәлімдеді.

Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімі 20 қаңтарда денсаулыққа зиян келтіретін заттарды қолдана отырып, адамдар тобы жасаған бұзақылық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды, - делінген хабарламада.

Қазір кінәлі адамдар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Сонымен қатар, жанжалға қатысушылар арасында қаза тапқандар жоқ екенін хабарлаймыз. Абай облысының ПД жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етуге жатпайды», - делінген облыстық ПД-ның Telegram-арнасындағы хабарында.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай