USD
USD
USD

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

Қаржылық мониторинг агенттігі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланған адамдар тобы анықтағанын хабарлады.

күдікті студенттер
Фото: ҚМА/видеодан кадр

Астана, NEGE. ҚМА мәліметінше, Семейде бұл іс бойынша жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынды. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың банк карталары ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Ақшаның қайдан түскенін жасыру және қаржы ағынын бақылауды қиындату үшін қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Сондай-ақ бұл тәсіл кейін ақшаны қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген.

«Студенттердің бірінің шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен. Ақша аударған азаматтардың интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды», – делінген агенттік хабарламасында.

Заңсыз әрекеттен 11 өңірдің тұрғындары жәбір көрген. Ақша аударғандар арасында Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары бар.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер