USD
USD
USD

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің ісі бойынша әкімнің орынбасары күдікті деп танылды

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Қуат Айтқалиевтің биіктен құлап жарақат алуына қатысты депутаттардың сауалына жауап берді.

Арайбек Хамзаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бас прокурордың айтуынша, 22 желтоқсаннан бастап қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 632-бабының 4-бөлігі бойынша («Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. 

Қалалық шыршаны безендіріп жатқанда жарақат алған мұғалімнің ісі бойынша қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев күдікті деп танылды. Шенеунікке қатысты тергеу 27 желтоқсанда басталған.

Жалпы шыршаны безендіруге барлығы 5 адам шыққан. Оларды осы жұмысқа заңсыз тартқан мектеп директорларына сөгіс жарияланды. Ал білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Прокуратура бұл істі ерекше бақылауына алды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек