USD
USD
USD

Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мектеп мұғалімінің ісіне қатысты тексеріс аяқталды

Семейде орталық алаңдағы шыршаны безендіру кезінде мертіккен мектеп мұғалімі Қуат Айтқалиевтің ісіне қатысты тексеріс аяқталды. Еңбек инспекциясы қорытынды шығарды, деп хабарлайды Semei телеарнасы.

Қуат Айтқалиев
Фото: qalamger.kz

Алматы, NEGE. Комессия бұл жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің, яғни мектеп директорының тапсырмасы бойынша орындалғанын растады.

«Бұл жерде кінә 100% жұмыс берушінікі. Қуат Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Бүгінде мұғалімге барлық жоғалтқан еңбекақысы төленіп жатыр. Сондай-ақ, емі ақылы түрде жүргізілсе, шығындардың барлығы толығымен өтеледі», – деді Еңбек мемлекеттік инспекциясы Департаментінің бөлім басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев.

Шенеуніктің айтуынша, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша бұдан кейінгі жұмыстарды құқық қорғау органдары атқарады.

«Акт жасалды, барлық тиісті құжаттар рәсімделді. Енді материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес жұмыс беруші еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауап береді», – деп нақтылады Түсіпбаев.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға шақырды

Халық Кеңесі

Пашинян оппозицияны «Арменияға ҰҚШҰ бітімгерлерін кіргізгісі келеді» деп айыптады

Никол Пашинян

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.