USD
USD
USD

Семейде шырша безендірген мұғалімнің жарақат алуына қатысты білім бөлімінің басшысы жұмысынан босатылды

Оның жұмыстан шығуына мұғалімдерді Семей қаласының орталық алаңындағы жаңажылдық шыршаны безендіруге заңсыз тарту себеп болған. Соның салдарынан мұғалімдердің бірі – Қуат Айтқалиев зардап шекті, деп хабарлады Kazinform. 

Жаңа жыл
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жағдайды жеке бақылауына алды. Ол мұндай әрекеттердің ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын өрескел бұзатынын айтты.

– Мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға тыйым салынады. Тергеу амалдары талапқа сай жүргізіліп, осындай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылданады деп сенеміз, – деді ол.

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев зардап шеккен ұстаз бен оның отбасына қолдау білдірді.

Қазір Қуат Айтқалиевке барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова