USD
USD
USD

Семейде офицер әскери бөлімнің мүлкін букмекерлік кеңседегі қарызын жабу үшін ломбардқа қойған

Семей қаласында офицер букмекерлік кеңседегі қарызын өтеу үшін әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа кепілге қойған, деп хабарлайды Kazinform.

Дедовщина
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Семей гарнизоны әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттің мүлкін жымқырды деп айыпталған әскери бөлім офицеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

О. есімді капитан штабтың топографиялық қызметінің бастығы ретінде өзінің қызметтік мансабын асыра пайдаланған. Букмекерлік кеңседе ұтылып қалуы салдарынан жеке қарызы өскен оның әскери бөлімге тиесілі топографиялық құралдарды ломбардқа кепілге өткізгені анықталды. Осылайша мемлекетке 2 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

– Сот әскери қызметкерді кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол капитан әскери атағынан айырылды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар сотталушыдан материалдық шығын мен мемлекеттік баж өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.