USD
USD
USD

Семейде көліктің шанағы мен шасси нөмірін қолдан жасауды кәсіпке айналдырған ер адам ұсталды

Семейде көліктің шанағы мен шасси нөмірін қолдан жасауды кәсіп еткен күдікті ұсталды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Абай облысының полиция қызметкерлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен көлік кузовы мен шассиінің идентификациялық нөмірлерін қолдан жасауға байланысты ірі қылмыстық схеманы әшкереледі. Заңсыз әрекеттер Семей қаласындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жүзеге асырылған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласының 40 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталды. Шұғыл тінту кезінде лазерлі принтері бар жабдық, ноутбук, үш телефон, сондай-ақ идентификациялық деректерін өзгертуге дайындалып жатқан тоғыз автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ қосымша дәлелдер алынып, істің барлық мән-жайын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Көлік құралдарының кузовы, шассиі, қозғалтқышы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің қолдан жасалуы немесе жойылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бостандығын шектеу жазасына тартылуы мүмкін, сондай-ақ оның мүлкі тәркіленуі ықтимал.

Тергеу барысында қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы және басқа да ұқсас заң бұзушылықтарға қатыстылығы анықталатын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік