Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Семейде кәмелетке толмаған балаларды зорлаған студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында зорлау (ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі), сондай-ақ жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі) фактісі бойынша 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушының Семей қаласында 2022 жылдың мамыры мен 2025 жылдың қаңтар айларында 12 және 13 жастағы жас балаларға қатысты жасаған қылмысы анықталды.

Тергеу мәліметінше, ол қылмыстарды 2022 жылы және 2025 жылдың қаңтарында 12 және 13 жастағы жасөспірімдерге қатысты жасаған. Алғашқы эпизод кезінде айыпталушының жасы 18-де болған. Сот барысында студент өз кінәсін мойындамады және өзін ақтауды сұрады.

Кәмелетке толмағандарға зорлық әрекеттері үшін ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді